22 Марта

22 Марта

 

      Наурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Парсы тілінде «нау» — «жаңа», «руз» — «күн» деген ұғымдарды білдіреді. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киіп бір–бірімен қол алысып, амандасып төс қағыстырып жақсы тілектер айтылады. Мерекеге арнап жеті түрлі дәннен наурыз көже дайындалады. Осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып арылады. 

      Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, дастарханнан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау тіккен. Алтыбақан басында ән айтып күй тартады. Дәстүрлі ұлттық ойындар: көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, тағы басқа ойындар ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады. 22 наурыз күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та жер ана да, жан-жануарлар да оянады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл — тоқшылықтың белгісі.        

   Ынтымағы жарасқан көп ұлтты еліміздің осы бірлігін, наурыз мейрамының символы ретінде де қарастырған. 

    Асыға күткен Ұлыстың ұлы күнін ҚР,,Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталі,, құшақ жая қарсы алды. 

   Тау бөктерінде, жасыл желек, таза ауа бейне бір наурыз мейрамын жайлауда қарсы алғандай сезім қалдырды. Салтанатты мерекені өзінің жылы лебізі, құттықтауларымен ашқан госпиталь директоры Дәулетбаев Дамир Абайділдәұлы сөз соңында, талапты, жігерлі еңбегімен көзге түскен әріптестерімізге мақтау қағаздарын табыстады.

 


Бөлімше аралық ұйымдастырылған қойылымдық жарыстар әр бөлімшеге шабыт берсе, әріптестеріміздің салған әндері, билеген билері тау бөктерін тебірентіп, қазақтың әдет ғұрып салтына деген махаббатымызды арттырды.


   Ат шаптырып, бәйгеге қатыспаса да, ержүрек  қыздар мен ер балалар арасындағы спорттық жарыстар әріптестерімізді бір сергітіп,  мықтылығын көрсетті. Біреу жеңіліп, біреу жеңіп жатқанның өзінде, ешкім сый-сияпаттан тыс қалмады.

Күн мен түн теңеліп, көктем күшін асырған Ұлы күннің жеріме, күнім көктей жайнаған! Орманда құс сайрады жалындаған жастықтай.

Жаса Наурыз мейрамы!

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован.